09 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012268 (BTRKb20) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 сәуірінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012268 (BTRKb20) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (09 сәуір – өтеу кезінде тіркелген күні). 2026 жылдың 09 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 82 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2026-04-09]