Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017820 (BTRKb30) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

09.04.2026 15:44 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 сәуірінен 
бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017820 
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb30; 1 000 теңге, 
100,0 млрд теңге; 03.04.26-03.05.27; купон айналыс мерзімінің соңында бір 
рет төленеді, 17,20 % жылдық; actual/365) облигацияларының KASE-де 
сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі облигацияның баға белгілеу валютасында көрсетілген "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb30

[2026-04-09]