Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017903 (BTRKb31) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

09.04.2026 16:57 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 09 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық 
холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00017903 (BTRKb31; 1 000 теңге, 100,0 млрд 
теңге; 370 күн; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет төленеді, 
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу 
нәтижелері бойынша анықталатын болады; actual/365)) облигациялардың 
негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 
енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 09 сәуірінен бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн 
теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 
10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 14-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ қаржылық кеңесшісі "Halyk 
Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb31

[2026-04-09]