2026 жылдың 13 сәуірінен бастап KASE Индексінің өкілдік тізіміне кіретін қаржы құралдары бойынша тәуекел-параметрлер белгіленді
/KACC, 09.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің 2026 жылдың 08 сәуіріндегі шешімімен KASE Индексінің өкілдік тізіміне кіретін қаржы құралдары бойынша шоғырлану мөлшерлемесі бөлігінде бекітілетін тәуекел-параметрлерді кезең-кезеңмен енгізу бекітілді. 2026 жылдың 13 сәуірінен 03 мамырына дейін: - нарықтық тәуекел мөлшерлемесі 23 %; - стресске қарсы мөлшерлемесі 30 %. 2026 жылдың 04 мамырынан 15 маусымына дейін: - нарықтық тәуекел мөлшерлемесі 29 %; - стресске қарсы мөлшерлемесі 40 %. Жаңа тәуекел-параметрлермен KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша танысуға болады https://kacc.kz/ru/risk-parameters [2026-04-09]