KASE 2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімді анықтады
15.04.2026 10:30·KASEиндекстер мен индикаторлариндекс kaseновости kase·
/KASE, 15.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен
индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылдың
14 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу
әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес
2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін
акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – Тізім) анықталғанын хабарлайды.
Көрсетілген шешімге сәйкес 2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE
индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
-------------------------------------------------------------------------------
Акция
# р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 41,81,00000004,8
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 48,20,813289314,3
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 38,00,196265514,9
4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,11,000000010,3
5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 15,01,00000002,7
6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ 2,60,862080419,0
7 KSPI KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz" 33,50,128684514,1
8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 25,00,120134413,7
9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,21,00000004,1
10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,01,00000002,1
-------------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2026 жылдың 14 сәуірінде көрсетілген.
Комитеттің 2026 жылдың 04 мамырындағы шешімі күшіне енгенге дейін
Fi, Ri параметрлері және үлесі 2026 жылдың 30 сәуіріндегі сауда-саттық
күнінің қорытындылары бойынша қалыптасқан акциялардың бағасына және
2026 жылдың 01 сәуіріндегі еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес
қайта есептелетін болады.
Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат
2026 жылдың 04 мамырында жарияланады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін
0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет
01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай
бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 01.01.26-да еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-де
30.01.26-да тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы
акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің
туындысы ретінде алынған параметр.
Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы
акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша
жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2026-04-15]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.