Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесі 2025 жылға арналған дивидендтердің мөлшерін ұсынды

16.04.2026 17:45 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 16.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ-тың Директорлар кеңесі "ҚазТрансОйл" АҚ 
акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына 2025 жылдың қорытындысы 
бойынша 56,6 млрд теңге көлемінде түскен таза табыстың 45,4 млрд 
теңгесін дивидендтерді төлеуге жұмсауды ұсынды. Таза табыстың 11,2 млрд 
теңге көлеміндегі қалған бөлігін бөлмеуді және "ҚазТрансОйл" АҚ-иелігінде 
қалдыруға кеңес берді. Бір қарапайым акцияға есептегенде 2025 жылға 
арналған дивиденд мөлшері 118 теңге деңгейінде болуын қарастыруды алға 
тартуда.

2025 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібі және 
"ҚазТрансОйл" АҚ-тың бір қарапайым акцияға есептегендегі дивиденд 
мөлшері 2026 жылғы 28 мамырдағы "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің 
жалпы жылдық жиналысында бекітілетін болады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/8435-20256416-press-reliz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_160426_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_160426_eng.pdf

[2026-04-16]