Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық инвестициялық банктің US298785JW79 (EIB_e3) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

17.04.2026 10:27 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 17.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 сәуірінен 
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі 
репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 шілдесіне 
және одан кейінгі күндерге келетін Еуропалық инвестициялық банктің 
US298785JW79 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
секторы, EIB_e3) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық 
тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2026 жылдың 
07 шілдесінен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-17]