Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Invesco Qqq Trust, Series 1 жәнеUS46137V1420 (PHO_KZ) Invesco Water Resources ETF US46090E1038 (QQQ_KZ) ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұрады.

17.04.2026 14:52 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 17.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 сәуірінен 
бастап есептесу күні орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
режимдерінде репо операциялары бойынша 2026 жылдың 22 маусымына 
және одан кейінгі күндерге келетін келесі ETF-тердің KASE-де сауда-
саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) US46090E1038 ("KASE Global" секторы, QQQ_KZ) Invesco QQQ Trust, 
   Series 1;

2) US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) Invesco Water 
   Resources ETF.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2026 жылдың 
24 маусымынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-17]