Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"SY Investment Company" АҚ "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды

17.04.2026 15:55 · KASE члены kase принятие, исключение новости kase ·
/KASE, 17.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 
2026 жылдың 15 сәуіріндегі шешімімен "Sy Investment Company" АҚ 
(Алматы) "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне 
қабылданды.

Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналысқа (саудаға) жіберілген 
бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық 
сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.

"SY Investment Company" АҚ "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне 
қабылдау туралы KASE Директорлар кеңесінің осы шешімі 2026 жылдың 
17 сәуірінен бастап, "деривативтер" санаты бойынша 2026 жылдың 
16 сәуірінен бастап күшіне енді.

[2026-04-17]