Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың ашылу күні 21 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды

20.04.2026 18:54 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 20.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Еуразиялық даму банкінің 
KZX000004270 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
секторы, EABRe7; БАӘ 700,0 млн дирхамы; 25.04.25 – 25.04.28; тоқсандық 
купоны, жылдық 6,50%; 30/360) халықаралық облигацияларымен сауда-
саттықтың ашылу күні 21 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылғанын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRe7

[2026-04-20]