Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Аграрлық несие корпорация" АҚ KZ2C00003465 (FAGRb2) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

21.04.2026 09:55 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 21.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 сәуірінен 
бастап "Аграрлық несие корпорация" АҚ KZ2C00003465 (KASE негізгі 
алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb2; 1 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 
21.10.15 – 21.04.26; жартыжылдық купон, жылдық 10,07%; 30/360) 
облигациялары ресми айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE 
тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2015 жылдың 21 қазанынан бастап 
"квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" 
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2019 жылдың 05 шілдесінен 
бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында 
болды. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 15 қаңтарынан бастап ашылған.

[2026-04-21]