Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ForteBank" АҚ 20 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысын хабарлады

21.04.2026 11:46 · KASE корпоративтік оқиғалар итоги голосования, решения собраний акционеров, держателей цб новости эмитентов ·
/KASE, 21.04.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) 
орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, 
Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2026 жылғы 20 сәуірде Астана қаласы 
уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан 
Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, 
"Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы 
(бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. 
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және 
дауыс беру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды.

***

Күн тәртібінің 1-мәселесі "Банктің 2025 жылы бойынша жылдық қаржылық 
есебін бекіту туралы" бойынша

Банктің 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін, осында тіркелген, 
аудиттелген жеке және шоғырландырылған Жылдық қаржылық есебі 
бекітілсін..

***

Күн тәртібінің 2-мәселесі "Банктің 2025 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін 
бекіту туралы, Банктің бір қарапайым акциясына есептегендегі дивидендтің 
мөлшері туралы" бойынша

1. Банктің 2025 жылғы таза табысы бөлінбесін.

2. Банктің таза табысын Банк өз қарамағында сақтасын.

дәйексөздің соңы

Пресс-релиздің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы 
орналастырылған – 
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_210426_1.pdf

[2026-04-21]