Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

22.04.2026 11:02 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 сәуірінен 
бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZX000004270 ("халықаралық қаржы 
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe7; БАӘ-нің 700,0 млн 
дирхамы; 25.04.25-25.04.28; тоқсандық купон, жылдық 6,50%; 30/360) 
халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRe7

[2026-04-22]