Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

23.04.2026 16:08 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 23.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 сәуірінен 
бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде 
репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен KASE-де сауда-
саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 01 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ) M&T 
   Bank Corporation, сауда саттық 2026 жылдың 03 маусымынан бастап 
   қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) 
   QUALCOMM Inc. (США), сауда саттық 2026 жылдың 08 маусымынан 
   бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-23]