Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 сәуірден бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00017981 (MFRFpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін

23.04.2026 16:47 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 23.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде "R-Finance" микроқаржы 
ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00017981 (MFRFpp1; 1 000 теңге, 5,0 млрд 
теңге; 3 жыл, жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша 
алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын 
болады; 30/360) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE 
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап 
күшіне енеді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFpp1

[2026-04-23]