Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 сәуірден бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00010478 (MFOKb18) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

27.04.2026 10:22 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 27.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 сәуірінен 
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының 
индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен "Онлайн 
ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00010478 (MFOKb18) облигацияларын олардың 
айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады.

2026 жылдың 27 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 80 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-04-27]