Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

28.04.2026 16:11 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 28.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 29 сәуірінен 
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен 
сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF 
   US81369Y3080 ETF ("KASE Global" секторы, XLP_KZ), сауда-саттық 
   2026 жылдың 24 маусымынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, The Utilities Select Sector SPDR Fund US81369Y8865 
   ETF ("KASE Global" секторы, XLU_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 
   24 маусымынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Bank of America Corporation US0605051046 жай 
   акциялары ("KASE Global" секторы, BAC_KZ), сауда-саттық 
   2026 жылдың 08 маусымынан бастап қайта басталады;

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-28]