29 сәуірден бастап "Sy Investment Company" АҚ KASE-де бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысуға жіберілді
/KASE, 29.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап "SY Investment Company" АҚ KASE-де бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен сауда- саттыққа қатысуға жіберілді. Басқарманың осы шешімімен "SY Investment Company" АҚ көрсетілген күннен бастап KASE-де репо операцияларын жүзеге асыруға жіберілді. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE "SY Investment Company" АҚ "қор" және "туынды құралдар" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/information/news/show/1564543 [2026-04-29]