/ӨЗГЕРТІЛДІ/ 30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 29.04.26, сауда-саттықты қайта бастау күні өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EBRDe20) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара өтеу процедурасының аяқталуына байланысты қайта басталды. Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап тоқтатылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE-нің "23 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2708176610 (EBRDe20) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/information/news/show/1564863 [2026-04-29]