Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CMH15 (US168_2701) халықаралық облигацияларымен сауда-саттықты тоқтата тұрады

29.04.2026 15:31 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 29.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен 
бастап есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 шілдесіне және одан кейінгі 
күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің 
US91282CMH15 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US168_2701) 
халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла 
тұратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2026 жылдың 
03 тамызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-29]