Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 мамырдан бастап "GoldFinMarket" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00017080 (MFLGb28) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне ауыстырылады

30.04.2026 15:07 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 30.04.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 04 
мамырдан бастап "GoldFinMarket" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00017080 
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb28; 
1 000 теңге, 900,0 млн теңге; 26.04.27 – 27.04.27; ай сайынғы купон, жылдық 
22,00 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне 
ауыстырылатыны туралы хабарлайды.

Аталған облигациялар бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде баға 
белгілеу дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген "таза" 
бағаның төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – қазақстандық теңге.

[2026-04-30]