Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"KEGOC" АҚ Fitch Ratings агенттігі компанияның рейтингтік бағаларын "Тұрақты" деген болжаммен растағанын хабарлады

06.05.2026 12:29 · KASE корпоративтік оқиғалар рейтинги новости эмитентов ·
/KASE, 06.05.26/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері – KEGC) мынадай ақпаратты 
хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 30 сәуірде халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings 
"KEGOC" АҚ-тың ұзақмерзімді кредиттік рейтингін инвестициялық деңгейдегі 
"BBB" деңгейінде "Тұрақты" болжамымен растады. KEGOC-тың қаржы-
шаруашылық қызметінің тұрақты көрсеткіштері Fitch Ratings агенттігіне 
компанияны егемен рейтинг деңгейінде бағалауға мүмкіндік береді.

дәйексөздің соңы

Аталған ақпарат қазақ және орыс тілдерінде 
https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_rating_300426_3333.pdf сілтемесі 
бойынша орналастырылған.

[2026-05-06]