06 мамырдан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың XS3358410002, US05709XAA81 (BTRKe6) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді
/KASE, 06.05.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Басқармасы 2026 жылғы 23 сәуірде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың (Астана) XS3358410002, US05709XAA81 (BTRKe6; $500 млн; 26.05.06 – 33.05.06; жартыжылдық купон, жылдық 5,20 %; 30/360) халықаралық облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған Басқарма шешімі 2026 жылғы 06 мамырдан бастап күшіне енеді. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың қаржылық консультанты "Halyk Finance" АҚ болып табылады. Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKe6 сілтемесі бойынша жарияланған. [2026-05-06]