Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

13 мамырдан бастап KASE-де "Garanti Leasing" ЖШС-ның KZ2P00018088 (GLLKb2) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

12.05.2026 14:36 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 12.05.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 13 
мамырдан бастап KASE-де "Garanti Leasing" ЖШС-ның KZ2P00018088 
облигацияларымен (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, 
GLLKb2; 10 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсан сайынғы купон, жылдық 
23,00 %; 30/360) сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде осы облигациялардың баға белгілеу дәлдігі 
облигацияның баға белгілеу валютасында көрсетілген "таза емес" 
бағасының үтірден кейінгі екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға 
белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/GLLKb2 сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-05-12]