Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 мамырдан бастап биржалық инвестициялық пай қорларының ETF-тері Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

13.05.2026 14:57 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 13.05.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылғы 15 мамырдан 
бастап орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында 
жасалатын мәмілелерге рұқсат етілген қор нарығының қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етілген мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы 
құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) келесі ETF-тер енгізіледі:

1) KZPF00000983 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   KASXf) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) 
   (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) KASE Индексі – Т+ тізіміне және Т+ 
   қамтамасыз ету тізіміне;

2) KZPF00000991 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, 
   MBM_f) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) 
   (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) MBM Index KASE – Т+ тізіміне.

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі 
KACC интернет-ресурсында 
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі 
бойынша жарияланған.

[2026-05-13]