Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

21.05.2026 09:30 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 21.05.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде келесі облигацияларды 
орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтетінін 
хабарлайды:

1) Шымкент облысының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000234 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK022_023; 1 000 теңге, 
   20 395 113 000 теңге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 
   30/360) 3 414 550 данасы;

2) KZMJ00003101 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ARK022_310; 
   1 000 тенге, 5 000 000 000 тенге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/360; 30/360) местного исполнительного органа Атырауской 
   области в количестве 1 500 000 данасы;

3) KZMJ00003143 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK022_314; 
   1 000 тенге, 3 943 333 000 тенге; 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/360) местного исполнительного органа Карагандинской 
   области в количестве 786 395 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептеулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған  https://kase.kz/ru/members/membership/all

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы 
ішкі нарықта айналымға жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережелері 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида 
мына сілтеме бойынша жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/markets/government-
securities

[2026-05-21]