"АстанаГаз ҚМГ" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 21.05.26/ – "АстанаГаз ҚМГ" АҚ (KASE тикері – AKMG) 2026 жылдың 06 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2025 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін; - өткен жылдардың қорытындысы бойынша жинақталған шығындардың болуына байланысты 2025 жылдағы таза кіріс таратылмайды, жай акциялар бойынша дивидендтер төленбейді. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AKMG/akmg_special_shareholders_meeting_results_060526_194.pdf [2026-05-21]