Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Клирингілік орталықтың жалғыз акционері 2025 жылдағы KACC қызметінің нәтижелері бойынша шешім қабылдады

21.05.2026 14:02 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 21.05.26/ – "KASE Клиринг орталығы" АҚ (KACC, Клирингілік 
орталық) 2026 жылдың 13 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) 
Директорлар кеңесі – Клирингілік орталықтың жалғыз акционері – мынадай 
шешімдер қабылдағанын хабарлайды:

1. Клирингілік орталықтың 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық 
   есептілігі бекітілсін.

2. "Russell Bedford A+ Partners" халықаралық аудиторлық 
   компаниясы" ЖШС 2026 жылға қаржылық есептілік аудиті мақсатында 
   Клирингілік орталықтың аудиторлық ұйымы болып белгіленсін.

3. Клирингілік орталықтың 2025 жылдағы 12 064 763 796,20 теңге 
   мөлшеріндегі таза табысын бөлу мынадай тәртіппен бекітілсін:

  3 967 192 459,44 тенге (32,9 %) Клирингілік орталықтың жалғыз 
  акционеріне дивидендтер төлеуге жіберу;

  8 097 571 336,76 тенге (67,1 %) "Қазақстан қор биржасы" АҚ және 
  "KASE Клиринг орталығы" АҚ-ның 2025-2027 жылдарға арналған даму 
  стратегиясына сәйкес Клирингілік орталықты дамытуға бағытталсын.

4. Клирингілік орталықтың Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 
   2025 жылға арналған сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы 
   ақпарат назарға алынсын.

5. 2025 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Клирингілік орталықтың 
   Директорлар кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төлеу.

6. "KASE Клиринг орталығы" АҚ Жарғысына № 4 өзгерістер мен 
   толықтырулар бекітілсін.

7. 2025 жылы акционерлердің Клирингілік орталықтың және оның 
   лауазымды адамдарының әрекеттеріне оның қызметі мәселелері 
   бойынша шағымдардың болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.

8. 2025 жылдағы "KASE Клиринг орталығы" АҚ қызметі туралы есеп 
   назарға алынсын.

9. KASE Тобының 2025 жылға орнықты дамуы туралы есебін назарға 
   алынсын.

[2026-05-21]