Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасы алаңында "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың XS3366268384, US63549WAB19 (KZTGe2) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

25.05.2026 15:03 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасы 26 мамырдан бастап  
"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың XS3366268384, US63549WAB19 
(KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZTGe2; 700 млн АҚШ 
доллары, 08.05.26 – 08.05.36; жартыжылдық купон, жылдық 5,625 %; 30/360) 
халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылатынын 
хабарлайды.

Аталған облигациялардың сауда жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі 
номиналдың пайызымен көрсетілген "таза" баға бойынша төртінші ондық 
таңбаға дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме 
бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/investors/bonds/KZTGe2

[2026-05-25]