Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 мамырдан бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018203 (MFMOb47) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылады

25.05.2026 15:07 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 26 мамырдан 
бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00018203 (KASE балама алаңы, 
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFMOb47; $100, $2,0 млн; 21.05.26 – 
21.05.27; ай сайынғы купон, жылдық 11,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда-
саттық режиміне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің 
дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" 
бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу 
валютасы – АҚШ доллары.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMOb47

[2026-05-25]