KASE акционерлері 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 28.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) акционерлері 2026 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады және келесі төлем тәртібін анықтады: - KASE 4 акционерлеріне 2025 жылға дивидендтер төлеуге Биржаның таза пайдасы мөлшерінен 589 483 743,47 теңге (шамамен 30 %) бағытталсын; - KASE бір (KZ1C00001213) жай акциясына дивиденд 4 268,37 теңге мөлшерінде анықталсы; - дивидендтер төлеудің басталу күні – 2026 жылғы 10 маусым; - 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар Биржа акционерлерінің тізімі 2026 жылдың 09 маусымында Алматы уақытымен сағат 00: 00-дегі жағдай бойынша тіркелсін; - Биржа акционерлеріне дивидендтерді банктік шоттарына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда төлеу; - Төлем агенті: "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ БСН 970740000154. [2026-05-28]