"Эйр Астана" АҚ 2026 жылдыдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысын хабарлады
29.05.2026 15:34·KASEкорпоративтік оқиғаларитоги голосования, решения собраний акционеров, держателей цбновости эмитентов·
/KASE, 29.05.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны
FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық
Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы
28 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі
шешімдер қабылданғанын хабарлайд:
1. 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін "Эйр Астана" АҚ-ның
аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық
есептілігі бекітілсін.
2.1. "Эйр Астана" АҚ-ның 050039, Алматы қ., Закарпатская көш., 4А
мекенжайы бойынша орналасқан, деректемелері: "Қазақстан Халық
Банкі" АҚ, Алматы қ., IBAN KZ366017131000017669, БИК HSBKKZKX, КБЕ
17, БИН 010940000162, 2025 жылғы есепті қаржы жылы үшін аудиттелген
шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне сәйкес, 7 022 862 000
(жеті миллиард жиырма екі миллион сегіз жүз алпыс екі мың) теңге
мөлшеріндегі шоғырландырылған таза табысын келесі тәртіппен бөлу
бекітілсін:
- "Эйр Астана" АҚ акционерлеріне 2025 жылдың қорытындылары бойынша
дивидендтер төлеуге жалпы сомасы 3 511 431 000 (үш миллиард бес жүз
он бір миллион төрт жүз отыз бір мың) теңге бағытталсын;
- "Эйр Астана" АҚ иелігінде 3 511 431 000 (үш миллиард бес жүз он бір
миллион төрт жүз отыз бір мың) теңге мөлшерінде бөлінбеген сома
қалдырылсын ".
2025 жылдың қорытындылары бойынша «Эйр Астана» АҚ-ның бір жай
акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 9,92 теңге (тоғыз теңге тоқсан екі
тиын) деңгейінде бекітілсін;
"Эйр Астана" АҚ-ның дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімін
жасау күні 2026 жылғы 24 маусым 00 сағат 00 минутіне (Астана уақыты
бойынша) бекітілсін.
Дивидендтерді төлеудің басталу күні 2026 жылғы 25 маусым болып
белгіленсін.
"Эйр Астана" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу ақшалай,
қолмақол ақшасыз тәртіпте, тиесілі сомаларды "Эйр Астана" АҚ
акционерлерінің қолданыстағы шоттарына аудару арқылы жүзеге
асырылсын.
Дивидендтерді төлеу төлем агенті – "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ тарта отырып жүзеге асырылатын болады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/4169-air-astana-results.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_290526_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__290526_eng.pdf
[2026-05-29]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.