Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00012271 (MFRFb15) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

01.06.2026 09:46 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
01 маусымынан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС 
KZ2P00012271 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb15; 
1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 29.05.26-29.05.28; ай сайынғы купон, жылдық 
23,00%, 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFRFb15

[2026-06-01]