Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 маусымнан бастап ESG сериясы индекстерінің өкілдік тізімі 20 атаудағыы облигациялардан тұрады

01.06.2026 12:41 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен 
индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 
01 маусымынан бастап ESG сериясының индекстерін есептеу үшін өкілдік 
тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады:

1) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016822 
   (JSBNb10);

2) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016806 
   (JSBNb9).

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE ESG сериялы қор нарығының 
индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды.

2026 жылдың 01 маусымынан бастап ESG сериялы индикаторлардың 
өкілдік тізімі 20 атаудағы облигациялардан тұрады.

Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге 
болады http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-06-01]