01 маусымнан бастап KASE_US3BUP* сериялы индекстердің өкілдік тізімі 13 атаудағы облигациялардан тұрады
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_US3BUP сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады*: 1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2337670694 (BRKZe12); 2) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS2800066297 (BRKZe14); 3) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS2917067204 (BRKZe16); 4) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS3032932645 (BRKZe18); 5) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚXS3204113354 (BRKZe22); 6) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3067899610 (BTRKe1); 7) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3189694345 (BTRKe2); 8) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595713782 (KMGZe11); 9) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595714087 (KMGZe12) АО; 10) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807300105 (KMGZe14) АО; 11) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299331 (KMGZe15) АО; 12) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS2242422397 (KMGZe16) АО; 13) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ XS2399149694 (SKKZe1). Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. KASE Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет индекстер мен индикаторларды есептеу үшін АҚШ долларымен номинацияланған BBB- деңгейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялардың өкілдік тізімдерді қайта қарайды. Көрсетілген облигациялардан KASE_US3BUP* индекс сериясы мыналарды қамтиды: - KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі; - KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі; - KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен; - индекстің дюрациясы, жылдармен. Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/bonds/kase-us3-cp Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/information/rules ("Әдістемелер" қалташасы). [2026-06-01]