Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 маусымнан бастап KASE_KZ3BUP* сериялы индекстердің өкілдік тізімі алты атаудағы облигациялардан тұратын болады

01.06.2026 14:29 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен 
индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 
2026 жылғы 01 маусымнан бастап KASE_KZ3BUP* сериясының индекстерін 
есептеу үшін келесі өкілдік тізімді айқындады:

1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00008332 
   (BTRKb8);

2) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00007862 (KAFIb11);

3) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00008514 (KAFIb12);

4) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13);

5) "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 
   (MFTFb1);

6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002319 (SKKZb11).

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

KASE Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет теңгемен номинацияланған BBB- 
дейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік 
облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік 
тізімдерді қайта қарайды.

Көрсетілген облигациялардан KASE_KZ3BUP* индекстер сериясы 
мыналарды қамтиды:

- KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны 
  есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың 
  "таза" бағаларының индексі;

- KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта 
  инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша 
  есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;

- KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;

- индекстің дюрациясы, жылдармен.

Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
жарияланады https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/bonds/kase-kz3-cp

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
қолжетімді https://kase.kz/ru/information/rules ("Әдістемелер" қалташасы).

[2026-06-01]