Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 маусымнан бастап "CapitalCredit МҚҰ" ЖШС KZ2P00018153 (MFCRb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

04.06.2026 11:34 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 04.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 03 маусымында "CapitalCredit МҚҰ" ЖШС 
(Алматы) KZ2P00018153 (MFCRb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 2 жыл; 
тоқсандық купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигацияларын баламалы 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 04 маусымынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

"CapitalCredit МҚҰ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – микрокредиттер беру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFCRb1

[2026-06-04]