08 маусымнан бастап "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00018455 (EUBNb19) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 08.06.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 04 маусымында "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00018455 (EUBNb19; 100 теңге, 20,0 млрд теңге; 360 күн; жартыжылдық купон) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 08 маусымынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/EUBNb19 [2026-06-08]