"Каспий" тауар биржасы" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 09.06.26/ – "Каспий" тауар биржасы" АҚ (KASE тикері – EXCS) 2026 жылдың 25 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2025 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның таза табысын бөлмеу және жай акциялар бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_special_shareholders_meeting_results_250526_309.pdf [2026-06-09]