Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

16 маусымнан бастап KASE-де Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

15.06.2026 16:32 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 15.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 
маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 
жылдың 20 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін Microsoft 
Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай 
акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 24 тамызынан 
қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі 
құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-06-15]