Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 маусым күні Қазақстан қор биржасында екі облыстың әкімдіктері 5,7 млрд теңге тартты

15.06.2026 17:34 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 15.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі 
шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өтті.

Арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003101 
   (ARK022_310; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; 
   жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 2,5 млрд теңгеге;

2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003143 
   (KGK022_314; 1 000 теңге, 3 943 333 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; 
   жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 3,2 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына 
үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды 
және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында 
шығарылды.

[2026-06-15]