Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 маусым күні Қазақстан қор биржасында екі облыс әкімдіктері 5,1 млрд теңге тартты

23.06.2026 16:44 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 23.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003267 
   (DZK022_326; 1 000 теңге, 3 000 000 000 теңге; 23.06.26 – 23.04.28; 
   жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 3,0 млрд теңгеге;

2) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003275 (VKK022_327; 1 000 теңге, 2 069 078 000 теңге; 23.06.26 
   – 23.04.28; жартыжылдық купон, жылдық 4,25 %; 30/360) 2,1 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына 
үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды 
және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында 
шығарылды.

[2026-06-23]