Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE Директорлар кеңесі Standard International Market Ltd. жеке компаниясын. "қор " және "деривативтер"санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады

25.06.2026 14:48 · KASE члены kase принятие, исключение новости kase ·
/KASE, 25.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 
2026 жылдың 24 маусымындағы шешімімен Standard International Market 
Ltd. (Астана) жеке компаниясын "қор" және "деривативтер" санаттары 
бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.

Директорлар кеңесінің Standard International Market Ltd. жеке компаниясын 
"деривативтер" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешімі 
2026 жылдың 25 маусымынан бастап күшіне енеді.

Директорлар кеңесінің "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне Standard 
International Market Ltd. жеке компаниясын қабылдау туралы шешімі күшіне 
енген күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналымға (сауда-саттыққа) 
жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен 
биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.

[2026-06-25]