Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) және Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

26.06.2026 15:29 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 26.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
29 маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 24 шілдесіне және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Pfizer Inc.US7170811035 (сектор "KASE Global", 
   PFE_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 27 шілдесінен бастап қайта 
   басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 шілдесіне және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Freeport-McMoRan Inc.US35671D8570 (сектор "KASE 
   Global", FCX_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 17 шілдесінен бастап 
   қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-06-26]