/KASE, 29.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес KASE-де айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың шілде
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы
инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының
және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздар
тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2026 жылдың 23 маусымындағы шешімімен бекітілді және
олардағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2026 жылғы 01-31 шілде аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
класындағы бағалы қағаздар тізіміне 88 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілген. 2026 жылдың маусымында құрылған өтімділіктің бірінші
класындағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда
тізімге мыналар кірді:
1) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" АПИҚ
KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
CSECtf) пайлары;
2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422
("KASE Global" секторы, LQD_KZ) ETF;
3) Johnson & Johnson US4781601046 (сектор "KASE Global", JNJ_KZ) жай
акциялары.
2026 жылдың маусымына құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен
мыналар шықты:
1) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA"ИПИҚ KZPF00000132
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;
2) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF US4642874329 ("KASE Global"
секторы, TLT_KZ) ETF;
3) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИПИҚ KZPF00000173
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары;
4) "Alatau City Invest"АҚ басқаруындағы "allEM" ИПИҚ KZPF00000140
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары;
5) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы,
PHO_KZ) ETF.
2026 жылдың шілде айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_jul.pdf
2026 жылдың маусым айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_jun.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2026-06-29]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.