Нарық
24.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

30.06.2026 09:13 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 30.06.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай бүгін Қазақстан қор 
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде мынадай облигацияларды 
орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды:

1) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003291 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK022_329; 1 000 теңге, 
   2 000 000 000 теңге, 22 ай; жарты жылдық купон, жылдық 4,25 %; 
   30/360) 2 000 000 данасы;

2) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000234 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, SHK022_023; 1 000 теңге, 
   20 395 113 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/360) 4 000 000 данасы.

KZMJ00003291 (ATK022_329) бойынша өтінімдерді қабылдау Астана қ. 
уақытымен 14:00-ден 15:00-ге дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – 
Астана қ. уақытымен 15:30-ға дейін жүзеге асырылады.

KZSJ00000234 (SHK022_023) бойынша өтінімдерді қабылдау Астана қ. 
уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептеулерді жүзеге асыру уақыты – 
Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz