Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Анонс: 01 шілдеде KASE "CAPITAL LEASING GROUP (капитал лизинг груп)" жшс арналған "эмитент күнін" өткізеді

30.06.2026 12:02 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 30.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
01 шілдесінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы 
қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Capital Leasing 
Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС басшылығымен кездесу өтетінін 
хабарлайды.

Кездесу аясында компания басшылығы 2025 жылдың және 2026 жылдың 
бірінші тоқсанындағы нәтижелерді, негізгі қаржылық көрсеткіштерді, 
лизингтік бизнестің дамуы, компанияның облигациялық шығарылымдары 
және одан әрі өсу перспективалары туралы ақпаратты ұсынады.

Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 14:30.

Іс-шара спикерлері:

- Мирас Серікбай, "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС 
  инвестициялық менеджері;

- Максат Спанкулов, "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС 
  директоры.

Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – 
https://kase.kz/ru/media-center/events/d7jtlkur4h9m1kknq5abcd5h

[2026-06-30]