Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 маусым күні Қазақстан қор биржасында Алматы облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері 6,0 млрд теңге тартты

30.06.2026 16:45 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 30.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003291 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, ATK022_329; 1 000 теңге, 
   2 000 000 000 теңге, 30.06.26 – 30.04.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/360) 2,0 млрд теңгеге;

2) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының KZSJ00000234 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар"секторы, SHK022_023; 1 000 теңге, 
   20 395 113 000 теңге; 21.05.26 – 21.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   4,25 %; 30/360) 4,0 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына 
үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды 
және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-06-30]