Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 маусымнан бастап "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ облигацияларының үш шығарылымы "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

30.06.2026 16:56 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 30.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 17 маусымында "Qazaqstan Investment 
Corporation" АҚ (Астана) келесі облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы 
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00018588 (KACMpp7; $1 000, $500,0 млн; 6 жыл 10 ай 9 күн; 
   жартыжылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы 
   сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын 
   болады;30/360);

2) KZ2C00018604 (KACMpp8; 1 000 юань, 1,5 млрд юань; 4 жыл 11 ай 
   27 күн; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша 
   алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын 
   болады; actual/365);

3) KZ2C00018612 (KACMpp9; 1 000 юань, 3,5 млрд юань; 4 жыл 11 ай 
   27 күн; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша 
   алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын 
   болады; actual/365).

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 30 маусымынан бастап 
күшіне енеді.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/KACM

[2026-06-30]