Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

01.07.2026 16:53 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 01.07.2026/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
29 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және 
дамыту агенттігі KASE акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер 
мен толықтыруларды тіркегені туралы хабарлайды.

Өзгертулер мен толықтырулар акциялар бойынша табыс алу туралы 
мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді (акциялар бойынша табыс 
төлеу үшін төлем агентін айқындау).

Қазақ тіліндегі KASE акцияларының шығарылым аңдатпасы өзгертулер мен 
толықтырулармен орналастырылды – 
https://kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm_2026_kaz.pdf

Орыс тіліндегі KASE акцияларының шығарылым аңдатпасы өзгертулер мен 
толықтырулармен орналастырылды – 
https://kase.kz/files/for_shareholders/kasef9_izm_2026.pdf

[2026-07-01]